Алматыда жеке тұрғын үйге шабуыл жасалды

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2026

Алматыда жеке тұрғын үйге шабуыл жасалды. Қаскөйлер үй иелерін қарумен қорқытып, ақша мен зергерлік бұйымдарын қолды қылған. Ұрылардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.Ең қызығы оқиға күндіз болыпты. Полицияның мәліметінше, шабуыл жасағандар қару қолдана отырып әрекет еткен. Шамамен 4 миллион теңге көлеміндегі ұрланған мүлікпен із суытқан. Барлық күдікті ұсталды. Қазір  оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде. Ұрланған заттардың бір бөлігі иесіне қайтарылып, қалғаны тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қылмыс мұқият жоспарланған, күдіктілер іздерін жасыруға тырысқан. Полиция бөлімшелері мен арнайы жасақтың үйлесімді жұмысының арқасында барлық қатысушылар қысқа мерзімде ұсталды.