Стоматология басшысы 66 миллион теңге ақша жымқырған

Алматы облысында тіс емдейтін клиника 66 миллион теңге ақша жымқырған. Басшы сақтандыру қорымен 450 млн-нан асатын медициналық қызметті сатып алу туралы шарт жасаған. Осылайша 4 жарым мыңнан астам адамға көмек көрсетілгені туралы жалған есеп берілген. Тергеу барысында күдікті 11 млн теңгені қайтарып берді. Қазір ол үйқамақта.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті медициналық ақпараттық «Damumed» жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында аталған медициналық қызметтер пациенттерге көрсетілмеген. Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.