Таяу Шығыста қалған қазақстандықтар Оман арқылы Алматыға жетті

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2026

Таяу Шығыста қалған қазақстандықтар Оман арқылы Алматыға жетті. Біріккен Араб әмірлігінде болған 314 отандасымыз елге оралды. Жолаушылар арасында балалы отбасылар мен қарттар да бар. Елге келгендердің айтуынша, арнайы рейс туралы жаңалық шет елде шарасыз күйде қалғанда үлкен көмек болған. Бүгінде қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары мемлекеттік органдар мен әуе тасымалдаушылар арқылы  жалғасып жатыр. Жақын арада екінші ұшақпен 230 қазақстандық қайтуы тиіс.

САНДЕШ АХАТОВА:

Балалар жылады, конечно, қиын болды. Кішкене көрдік атқылағандарын. Бізге списокта болдық хабарлама келді. Түнгі 3-те таксимен отельыңыздан келіңіз осындай адреске деген. Өзіміздің Қазақстанымызға өте ризамыз. Біздерді қалдырмай, аман-есен осылай елімізге жеткізіп жатқанына қуаныштымыз.