Қазақстанда өндірілген тауарлар енді шетелде қорғалады. Өзге ел нарықтарына экспортқа шыққан отандық өнімді рәсімдеу және куәләндірудің құқықтық тетігі анықталды. Тиісті заң жобасын Сенат мақұлдады. Айта кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше 5 ел бірлесе осы шараларды қолға алуда. Одақтың комиссиясы тауарлардың верификациясын цифрландырып, бір жүйеге тоғыстырады. Сенат депутаттары мен Сауда және Интеграция министрлігі өкілдерінің айтуынша, аталған шара қазақстандық тауарлардың шет мемлекеттердің нарығындағы танылуына оң үлесін тигізеді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қаралған заң Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген тауарларды үшінші елдерге әкету кезінде туындайтын реттеу шараларын жетілдіреді. Атап айтқанда, тауарлардың шығатын жерін айқындау, куәландыру және растау саласында бірыңғай тәсілдерді қолдану қарастырылған. Жалпы, заңды мақұлдау – Еуразиялық Экономикалық Одақ тиімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.