Алаш Орда: автономия ма, жеке мемлекет пе?

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2026

"Алаш Орда - автономия емес, жеке мемлекет болған". Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық конференцияда ғалымдар осындай мәлімдеме жасады. Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында Чехия, Словакия және Жапония архивтерінен табылған тың деректер жарияланды. 1917-1920 жылдардағы Алаш Республикасының егемендігін айғақтайтын бұл құжаттар ұлттық мемлекеттілік тарихын қайта қарауға негіз болмақ. Шара аясында тақырыптық көрме өтіп, Әлихан Бөкейхан туралы жаңа деректі фильм таныстырылды.

СҰЛТАН ХАН АҚҚҰЛЫ, "АЛАШ" ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл конференцияның басты мақсаты - осы Жапония, Чехия, Словакия мұрағаттарынан табылған құжаттардың, Алаш Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде 1918-20 жылдары өзінің дербес, егеменді сыртқы саясатын жүргізгенін бұлтартпай дәлелдейді. Міне, осыны біздің қоғамға мейлінше кеңірек таныту. Өйткені біз әлі де кешегі Кеңес дәуірінде жазылған жалған тарихтың етегіне намаз оқып жүрміз