Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы шаралар оқу орындары мен мектептерде де өтті

Студенттердің өз мамандығын жетік меңгерумен қоса экологиялық білімі де жоғары болуы маңызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға бағытталған шаралардың бірі  Шымкенттегі оқу орнында өтті. Жиналғандар  жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру және еріктілік қызмет арқылы қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Студенттерге волонтерлік қызметтің қоғамға және жеке тұлғаның дамуына тигізетін пайдасы туралы  ақпарат берілді. 

ИЛЬЯС ҒАЛЫМБЕТҰЛЫ, АЙМАҚТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ИНЖЕНЕРЛІК –ТЕХНИКАЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Студенттердің осы кезден кездесулерді ұйымдастырып, экологияның маңыздылығын, тазалықтың маңыздылығын, түсіндірме жұмыстарын көбірек жасайтын болсақ, ертең үлкен маман болады. Олар осы елдің көркеюіне үлес қосатын азамат болады. Інілеріне, иқарындастарына айтуы мүмкін. Сол арқылы біздің Қазақстанның тазалығын сақтауға үлкен үлесін қосады деп есептеймін.