Сталкинг үшін жазаға тартылды

фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны сталкинг үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

С.К. есімді азамат өзінің құрбанын аңдымақ болып шешкен. Ол 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің үйіне жиі келіп, терезесінен сығалаған.

Әйел шамадан тыс назарға шыдай алмай, құқық қорғау органына жүгінген. Әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген адамның аңду әрекетін сот заңсыз деп танып және оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.