ТЖМ құтқарушылары жүргізушілерге көмекке келді

СҚО Айыртау ауданында, балалар сауықтыру орталығының маңында, жергілікті маңызы бар автожолда автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

ТЖМ күштерімен көлік тазартылған жол учаскесіне сүйреп шығарылды. Автокөлікте 2 адам болған. Абырой болғанда, олар медициналық көмекті қажет етпеді және көрсетілген көмектен кейін жолдарын жалғастырды.

Жүргізушілерге еске саламыз: боран мен қатты жел кезінде жолда аса сақ болыңыздар, жылдамдық режимін сақтап, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаңыздар.