Щучьедегі жойқын жарылыс: дәмхана иесі екі айға қамалды

Сегіз адамның өмірін қиған жарылыстан кейін дәмхана иесі екі айға қамалды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады. Щучье қаласындағы «Плов орталығы» кафеcінде болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің басшысы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін айыпталып отыр.