Түркістандық Айзада Мейірбанованы бұзылған көлікті "емдейді"

«Автокөлік дәрігері». Түркістандық Айзада Мейірбанованы таныстары осылай атайды. Бұзылған көліктің кеселін тап басып, әп-сәтте жөндеп жіберетін нәзік жандыны жергілікті көлік жүргізушілерінің дені жақсы таниды әрі құрметтейді. Әдетте ерлерге тән қызмет түрін бұл сұлу неліктен таңдады? Бұл салаға қалай келді? Көлік жөндеу шеберімен өңірлік тілшіміз Айзада Төребекқызы тілдесті.   

Жүк көлігінің ақауын дөп басып табатын Айзада Мейірбанова компьютерлік диагностика жасайды. Оның көлік жөндеуді қолға алғанына ширек ғасырға жуықтап қалған. Мектептен соң тігінші мамандығын оқып алғанмен ол салаға онша қызығушылығы болмапты. Базарда сауда істеп жүрген жерінен көлік жөндеуге деген қызығушылығы 2002 жылы ағалары үй ауласынан вулканизация ашқаннан бастап артқанын айтады. Жұмысты ынты-шынтысымен істейді. Әрі сұранысы жоғары кәсіп екенін де жасырмайды.

АЙЗАДА МЕЙІРБАНОВА, ШЕБЕР:

Біреулер айтады машинаңды тастап кет, ертең көрем, арғы күні істеп берем, оның арғы күні көріп берем деп. 25.35- Мен сол машинаны алдым ба ертесіне азанда сағат 10-00ға дайындап берем дедім ба, түнімен істесем де соны бітіріп берем. Менде ертеңге қалып кету деген жоқ. Ол мен үшін қасірет. Лажы болса клиетпен келістің ба, бітіріп беруге тырысу керек. 

Айзада темір тұлпардың тілін, қыр-сырын жетік меңгеріп алған. Күнделікті жоқ дегенде 4-5 көлікке қызмет көрсетеді.

Айзада көлік ақауын компьютермен көріп қана қоймай, бөлшектеріне дейін ауыстыра береді. Қыз бала болғандықтан кейбіреулер сеніңкіремей тұратын көрінеді. Бұл жүргізуші де өзгелер білмеген ақауды дәл тауып, жөндеп берген маманның біліктілігіне тәнті болып тұр.  

БЕКЕТ КЕНЖЕБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Енді ер кісілерден қарағанда әйел кісілер түсінікті ғып айтты ма өзім ойым сондай болды. Үтіріне, нүктесіне дейін түсіндіріп берді ғой маған. Әрі тап басып, кеткен жерін маған көрсетіп ауыстырып берді. Құрметтейік бұл кісілерді. Былай қарап тұрсақ оңай емес бұл, ауыр техника. Күліш бұрау, болты бұрау әйел кісілерге қиындау.

Айзада бастапқыда дөңгелек салып, жыртылғанын жамап, май ауыстырып берумен айналысыпты. Қазір де ол жұмысты қатар алып жүр.  Автокөліктердің дәрігері деген атқа ие болған нәзік жанды бұл жұмысты қолға алғанына еш өкінбейді.

АЙЗАДА МЕЙІРБАНОВА, ШЕБЕР:

Өзіме қызық болды. Өзіме қызық. Не нәрсе мысалы істеу керек па, соны істемейінше, үйренбейінше қоймаймын негізінде.Қайсысына интересім ауады, соған қарай. Ал қызықпаймын ба оны мүлдем үйрене алмаймын. Адамда өзі еп те керек, ынта да керек ананы үйренем деген.

Өз кәсібін қатты жақсы көретіні соншалық  бұл кәсіптен бас тарпаймын дейді. Тіпті алдағы уақытта көлік жөндеу орынын үлкейтіп, жүргізушілер барлық қызметті бір жерден алып кететіндей жағдай  жасағысы келеді. Арманының әйтеуір бір күні жүзеге асатынына сенеді.