"Жаңа Конституция қоғамның талабына, заманның өзгеруіне сәйкес адам құқықтарын басты назарға алған",- сарапшы

Жаңа Конституция қоғамның талабына, заманның өзгеруіне сәйкес адам құқықтарын басты назарға алған. Парламентаризм институты Ғылыми зерттеу орталығының басшысы Нұржан Сәулен осылай дейді. Оның айтуынша, адамдардың жеке мәліметтерін заңмен қорғаудың өзі, жаңартылған Конституцияның заман талабына сай жазылғанын аңғартады.  Парламенттік реформаға қатысты өзгерістер де маңызды қадам екенін айтады. Себебі, бір палаталы парламент құру арқылы заң шығару жеңілдеп, халық мүддесі басты назарға алынады.

НҰРЖАН СӘУЛЕН, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бір палаталы бұл қазір үш кезеңнен қалыптасады. Отырыста қаншама мамандар, сарапшылар, ғылыми ұйымдардың өкілдері, бүкіл сарапшылардың жұмыс топтарында саралаудың нәтижесінде үлкен жұмыс өткізу арқылы сапалы да, әрі жылдам да өткізуді мүмкіндік туғызады.