Доллардың орташа бағамы жарияланды

exclusive.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 наурызға белгілеген ресми бағамы – бір доллар үшін 493,36 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 493,48 теңге, ал сату бағамы – 495,81 теңге.

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 492 теңгеден сатып алып, 499 теңгеден сатуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 493,7 теңге болса, сату бағамы 495,77 теңгені құрайды.