Дубайда дрон қалдықтары көлікке құлап, бір адам қаза тапты

Фото: Shutterstock

БАӘ үкіметі Дубайдың Аль-Барша ауданында көлікке ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) қалдықтары құлап, жүргізушінің қаза тапқанын хабарлады.

Дубай билігінің мәліметінше, қалдықтар әуе нысанасын сәтті түрде қағып түсіру кезінде пайда болған. Кейін оның бөліктері көліктің үстіне құлап, салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дубайдағы зәулім ғимараттардың біріне жасалған болуы мүмкін соққы туралы бейне тараған. Куәгерлер түсірген кадрларда БАӘ-нің ірі қаласындағы биік ғимараттардың бірінен өрт шығып, түтін көтерілгені көрінеді.

Иранның мемлекеттік телеарнасы бұл ғимаратта Израиль мен АҚШ қарулы күштеріне тиесілі нысан болғанын мәлімдеді.