Болжамға сәйкес, дүйсенбі, 9 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс цикллонының және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Елдің солтүстік-батысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Метеорологтардың мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.