ТЖМ қызметкерлері автокешен аумағындағы өртті сөндірді

фото: Ult.kz

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Әмір Темір көшесінде орналасқан бір қабатты автокөлік жөндеу кешенінің ғимаратында өрт шықты.

 Жоғары ранг бойынша жедел келіп жеткен өрт сөндіру есептоптары техникалық қызмет көрсету ғимаратының ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында ғимараттағы өрттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік туды. Өрт ошағы аймағында орналасқан бір автокөлік зардап шекті.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.