Үш өңірде көлік қозғалысына шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
08 наурыз сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Қостанай облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 252 – 399 (Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін);
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 340 – 377 (Арқалық қаласынан – Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ұлытау облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 137 – 252 (Ұлытау қаласынан – Костанай облысы шекарасына дейін);
Ақмола облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 377 – 537 (Қостанай облысының шекарасынан – Бұзылық ауылына дейін);
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 09 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.