Шал ақын ауданында, Ступинка мен Семиполка ауылдарының арасында қатты қар жауып, жолды қар басу салдарынан бірнеше автокөлік жолда қалып қойды.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жетті. Қар құрсауында қалған 7 жеңіл автокөлік шығарылып, олардың ішінде болған 20 адам, соның ішінде 3 бала құтқарылды.
Көліктер тазартылған жол бөлігіне сүйреліп шығарылып, адамдар жақын маңдағы елді мекендерге дейін жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.