Боран соғып, көктайғақ болады

ТЖМ

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Еліміздің бірнеше облысында қар, жаңбыр, боран және қатты жел болжанып отыр. Ал оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.

 Астанада күн ала бұлтты, кей уақытта қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 9–14 м/с, кей уақытта 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3–8 м/с, күндіз 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C.

 Шымкентте күндіз жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с жетуі мүмкін.