Халықаралық әйелдер күніне арналған байқауға Қарулы күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік колбасшылықтардың басқармалары және Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің атынан 41 әскери қызметші қатысты.
Дауыс беру ведомствоның ресми Instagram парақшасында өтті. Оның нәтижесі бойынша Гран-приді 3950 лайк жинаған Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі аға лейтенант Әдемі Сейітқанова алды.
Бірінші орынға Бас әскери клиникалық госпитальдің ефрейторы Нұрай Бегалиева (3662 дауыс) ие болды. Екінші орын Қарулы күштер Бас әскери полиция басқармасының капитаны Жанар Ахметжановаға (3811 дауыс) бұйырды. Үшінші орын 61993 әскери бөлімнің сержанты Аяжан Әміржановаға (2489 лайк) берілді.
Аталмыш байқау әскери қызметті насихаттауға және Қарулы күштердің түрлі бөлімшелерінде қызмет ететін әскери қызметші қыз-келіншектердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін көрсетуге ықпал етті.