Астанада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Фото: istockphoto.com

Астанада бүгін екінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығы мен желдің күшеюіне байланысты қабылданған.

Ата-аналар мен оқушыларға білім беру ұйымдары мен білім басқармасының алдағы хабарламаларын қадағалап отыру ұсынылады.