АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соққылардың қарқынын күшейтетінін ескертті.
Ақүй басшысы бұл туралы TruthSocial әлеуметтік желі платформасындағы жазбасында жазды.
- Егер Иран Ормуз бұғазындағы мұнай ағынын тоқтататын кез келген шара қолданса, АҚШ оған бұрынғыдан 20 есе қатты соққы береді, - деді ол.
Сонымен қатар, америкалық көшбасшы «жеңіл жойылатын нысаналарға» соққы жасағаннан кейін Иран ұлт ретінде қалпына келе алмайтынын айтты.