Таяу Шығыс елдерінен 8,5 мыңнан аса қазақстандық оралды

Фото: pixabay.com

Таяу Шығыс елдерінен эвакуация басталғалы барлығы 8 585 қазақстандық елге оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы тиісті органдармен бірлесіп, азаматтарымызды Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.

Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті деңгейде іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыс жүргізуді қамтамасыз етуде.