Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа ерекше көлік сыйға берілді

Фото: Arilan Energy

Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровқа электромобиль сыйға берілді. 

Айтулы сыйды чемпионға жергілікті экологиялық компания Arilan Energy табыстады.

Шайдоров түрлі елдерді аралайтындықтан, мұндай экологиялық бастаманы қолдайтынын айтты.

    "Осы сыйлыққа және осы экологиялық бастаманың бір бөлігі болуға мүмкіндік бергендеріңізге рақмет! Мен әлемді көп аралап, әртүрлі елдерде электромобильдерге арналған инфрақұрылымның қаншалықты дамығанын көремін. Бізде басқа елдерге қарағанда көбірек қуаттағыш станциялардың болуы ерекше қуантады. Алматының осы бағытта белсенді дамып келе жатқанына өте қуаныштымын", – деді чемпион.

Бүған дейін Михаил Шайдоровқа Олимпиададағы жетістігі үшін Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілген. Бұдан бөлек, танымал әнші Димаш Құдайберген Hyundai компаниясының Hyundai Palisade автокөлігін Михаилға тарту етті.

Сондай-ақ Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа InDrive сервисінің негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский су жаңа Audi Q8 автокөлігін сыйлаған.