Вьетнамда жоғалып кеткен отандасымыз табылды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2026

Вьетнамның Фукуок аралында ізім-ғайым жоғалып, бүкіл елді дүрліктірген отандасымыз аман-есен табылды. Туыстарымен байланысы үзіліп, жат жерде тағдыры не болары белгісіз болған қызды іздеуге Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Вьетнамның құзырлы органдары бар күшін салған. Қаншама уақыт бойы әлеуметтік желілерде дабыл қағылып, дипломаттар жергілікті полициямен бірлесе отырып, аралдың әрбір бұрышын тінтіп шықты. Қазіргі уақытта отандасымыздың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ол консулдық қызметкерлерінің қамқорлығына алынып, қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қабылданған шаралардың арқасында отандасымыз табылды. Қазір біздің елшіміз оның жанында, барлық қажетті көмекті көрсетуде. Қыздың жақындарымен байланыстамыз. Ендігі кезекте оны елге аман-есен қайтару мәселесін шешіп жатырмыз.