Алматыда 10 мыңға жуық курьерге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2026

Алматыда 10 мыңға жуық курьерге айыппұл салынды. Бұл былтыр заң талабын бұзғандардың көрсеткіші. Тәртіп сақшылары талапты тағы күшейітті. Арнайы рейдке шығып, жол ережесін сақтауды ескертті.

Алматыда шетелдік курьерлерге бақылау күшейтілді. Тәртіп сақшылары қала бойынша рейд жүргізіп, одан бөлек жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті. Тақырыпты әріптесім Ғазиза Әмірбек жалғастырады

Тәртіп сақшыларының бұл жолғы тексерісі толықтай курьерлерге бағытталды. Шара барысында есірткі немесе тағы да басқа заңсыз заттардың тасымалына жол бермеу үшін тапсырыс салынған сөмкелер де тексерді.

Рейдтің алғашқы күні-ақ 158 курьерге айыппұл салынды. Басым бөлігіне ескерту жасалды. 

Полицейлердің айтуынша, бұл шара заңбұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінде қоғамдық тәртіпті күзетуге 700-ден астам патрульдік полиция, 600-ден астам учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылып отыр.

АЙДЫН МЕРКІМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ:

Бүгінгі күнде Алматы қаласының полиция департаментінің көші-қон және патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Және нацгвардияның қызметкерлері де қызмет ететін болады. Айта кетсек, 25-ші жылдың қортындысы бойынша 10мыңға жуық курьерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Айта кетейік, курьерлер енді биометриялық тексеруден өтуге міндетті.