Елордада дроппер сотталды

фото: gov.kz

Елорда тұрғыны бұрын таныс адамға 43 705 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға, өзінің 3 банктік шотын заңсыз түрде берген. Кейіннен аталған шоттар алаяқтық нәтижесінде жәбірленушіден жымқырылған 195 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты шығару үшін пайдаланылған.

Сотта дроппер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі дептанылып, 80 АЕК мөлшерінде айыппұлға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.