Қарызға ақша бермегені үшін пышақтап тастады. Маңғыстауда көлік жуу орындарының бірінде ер адам танысынан қарызға ақша сұраған. Алайда, ол ақша жоқ екенін айтыпты. Сол сәтте ас үй пышағын алып, танысының сол жақ жамбас жағына сұққан. Айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылды. 4 жыл 8 айға сотталды.