43 мың теңге табамын деп, басы дауға қалды

43 мың теңге табамын деп, басы дауға қалды. Астана тұрғыны танысына өзінің банктік шоттарын беріп, ақша олжаламақ болған. Сыйақы үшін 3 шотын алаяқтардың қолына ұстата салыпты. Ал алаяқтар сол арқылы біреудің 195 мың теңгесін жымқырған. Енді елордалық азамат «дроппер» атанып, қылмыскерлердің көмекшісі ретінде сотталды. Оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ірі айыппұл салынған.

ДИНАРА ТУКЕЕВА, ПРОКУРОР КӨМЕКШІСІ:

Аталған құқық бұзушылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған. Прокуратура азаматтарды сақ болуға, жеңіл табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және өздерінің банктік шоттары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.