2,5 мыңнан аса жұмысшы өткен жылдан бері әлеуметтік төлем алмаған

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2026

Таразда 2,5 мыңнан аса жұмысшы өткен жылдан бері әлеуметтік төлем ала алмай жүр. Жұмыс берушілер 300 млн теңгеден аса қаражатты уақытылы аудармаған. Заңбұзушылық қаладағы бірнеше білім беру ошағында және тазалыққа жауапты мекемеден анықталды. Қазір қызметкерлердің құқығын таптып, тиісті теңгелерін түсірмеген басшылар мен жауаптыларға қатаң сөгіс берілді. Енді олардың берешекті толық өтеуін прокуратура қадағалайды.

САЛАМАТ ӘБІТБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде жалпы сомасы 300 миллион теңге зейнетақы жарналары толықтай өтеліп, 34 мектепке дейінгі ұйымның бірінші басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Скл Заңдылықты бұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса айыппұл түріндегі жаза тағайындалатын болады.