"Құрмадан құрт шықты". Әлеуметтік желіде видео тарады, тұрғындар дабыл қағуда. Бұл -ішек таяқшалары. Ол дұрыс тасылмалданбау себебінен пайда болуы мүмкін дейді мамандар. Қазақстанға құрманың басым бөлігі шет елден жеткізіледі. Өткен айда эпидемилогиялық тексеру нәтижесінде 18 кг құрма жарамсыз деп танылған. Өнімдер сатылымнан алынып тасталды. Тексеру әлі жалғасуда.
ДАНА ҚАСҚАТАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Құрманың 39 сынамасы тексерілді. Нәтижесінде 79,5 пайызы таңбалау қағидаларына сәйкес келмеді. 29 пайызы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді. Қауіпсіздік талаптары оның ішінде құрманың ішінде ішек таяқшалары болуы, жалпы бактериялық ластануы және көгеріп кеткен өнімдер болғандығы анықталды.