Павлодарда боранда адасып кеткен малшы көз жұмды. 46 жастағы тұрғын Баянауыл ауданына қарасты Майкөбе ауылынан мал іздеуге шыққан. Алайда, ат құлағы көрінбес боранда адасып, үсіп кетіпті. Марқұмның денесін құтқарушылар Майкөбе ауылынан 15 шақырым жерден тапты.
ДУМАН ҚЫДЫРМОЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алдыңыздағы адамды көрмейтіндей салқын болды. Жел болды, қар болды. Боран болып тұрды. Дегенмен, біздің қызметкерлер шығып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Бірақ, таңертең сағат 8.00-де мәйіті табылды.
Сондай-ақ, боранда жолда қалған 107 адамды құтқарылды. Арасында 6 бала бар. Қатты желдің салдарынан 33 ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Арнайы құрылған коммиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Боран салдарынан 10 ауыл жарықсыз қалды. Ал Қарағанды облысында төтенше жағдай қызметкерлері 4 жүзден астам адамды қар құрсауынан шығарды. Жолаушылардың 23- і - бала. Олар жылыту пункттеріне жеткізілді. Ыстық тамақ пен қажетті көмек көрсетілді.
ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Дауылды ескерту әлі де жалғасуда. Ауа температурасының 30 градусқа төмендеуі, қатты жел, боран, тұман және көктайғақ күтілуде.