Еліміздегі 5 облысқа су басу қаупі төніп тұр. Төтенше жағдайлар вице-министрі осылай деді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстары бар. Аталған өңірлерде қар қалың жауып, топырақ қатып қалған. Қорытынды осы факторларға сәйкес жасалды. Қазгидромед пен Су ресурстары және ирригация министрлігі болжамдарымен бөлісіп отыр. Дегенмен, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, тұрғындарды қорғау – басты назарда.
КЕГЕН ТҰРСЫНБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Су тасу қаупіне келер болсақ, біздің күштер және жергілікті атқарушы органдар толыққанды дайын. Қазіргі кезде Tasqyn жүйесі арқылы қауіп аймағындағы бес өңір айқындалды. Осы өңірлердегі жағдайды күнделікті форматта бақылап отырмыз. 1 наурыздан бері командалық бақылау орталығының базасында тәулік бойы жұмыс істеп тұрған жедел штаб құрылды. Сондықтан, дереу ескерту жасауға және тасқынның алдын алуға дайынбыз. Жағдай толық бақылауда деп айта аламын.