Қазіргі әлем – геосаяси қақтығыстар, қауіп-қатерлер мен терең өзгерістерге толы алмағайып, күрделі кезеңде тұр. Осындай жағдайда мемлекеттік құрылымның тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен немесе сыртқы саяси тепе-теңдікпен ғана емес, сонымен қатар конституциялық іргетастың сапасымен де айқындалады. Жаңа Конституцияға қатысты Премьер-министр кеңесшісі Ералы Тоғжановтың пікірі осындай. Ол жаңартылған ата заң елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету кепілдігін сақтай отырып, мемлекеттіліктің негізгі бағдарлары мен қағидаттарын басты құндылық ретінде қарастыратынын айтты.
ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
Айналадағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, бұл бір жағынан. Екінші жағынан Қазақстанның болашағын нақтылау керек. Тұрақтылығын ары қарай қамтамасыз ету керек. Бірлігін нығайту керек. Сондықтан бүгін мынау қабылдап жатқан конституцияның маңызы өте ерекше. Тарихи деп айтсам артық емесқой деп ойлаймын.