Ақтөбедегі №51 гимназияда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Экосана: жаңа қоғамдық мәдениет» тақырыбында интеллектуалды Quiz өтті. Сайыс барысында оқушылар тек білім жарыстырып қойған жоқ. Экология тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Гимназия жастары табиғатты қорғау ісіне белсене атсалысып жүр. Демалыс күндері бірігіп, қала аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырады. Қалдықтарды арнайы қабылдау пункттеріне тапсырады. Мектепте арнайы эко үйірме де бар. Мұнда балалар қалдықтан түрлі бұйымдар жасап, тал егеді.
ЖАНЕРКЕ ҚАНАТБАЙ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:
Белгілі бір жерлерді жинастырамыз және сол жерге жинастырылған қоқыстарды, мысалы пластиктерді өңдеуге жібереміз. Тағы да біздер білетін матчтан кейін біз қалып осы қоқыстарды жинастырамыз, тағы да өңдеуге жібереміз.
ВЕНЕРА ҚАЛДИНА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қамқор жобасы аясында өткізіліп жатқан эко сана жобасы. Экологиялық тәрбие беру балаларға, мәдениеттерін арттыру бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі.