Өзім де Мемлекет басшысы ретінде жаңа Конституция жобасының мәтінін жазуға тікелей атсалыстым. Мемлекет басшысы құжаттың жаңа нұсқасы қалай әзірленгенін айтты.
“Ауқымы жағынан да, құрамындағы мамандардың кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та теңдесі жоқ Комиссия өте көп жұмыс атқарды. Мыңдаған ұсынысты жүйелеп, ретке келтіру – оңай шаруа емес.
Мен осы сәтті пайдаланып, Халық Конституциясының мәтінімен жұмыс істеген барша азаматқа тағы да зор алғыс айтамын. Сондай-ақ ел тағдырына тікелей әсер ететін мәселеге бейжай қарамай, өз ұсыныстарын жолдаған адамдарға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сарапшылар барлық негізгі мәселе бойынша ортақ мәмілеге келген соң ғана жаңа Конституцияның соңғы жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, республикалық референдумға шығарылды.
Енді алдағы жексенбіде халқымыз дауыс береді. Бұл референдумның Қазақстан тарихындағы орны ерекше болатыны сөзсіз”, – деді Президент.