Ақтөбедегі аулалардың бірінде қоқыс жәшігінен бөлшектелген ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы 50-ден асқан. Оқиға болған аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды. Қазір бұл ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтау және ұстау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде.