Семейде әйел адам көпірден секіріп кетті. Сұмдық жағдай туралы полиция қызметіне куәгерлер хабар берген. Әйелдің мәйіті Ертіс өзеніндегі автожол көпірінің астынан табылды. Ол биіктен секіріп, алған жарақаттарынан сол жерде бірден жан тәсілім еткен.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталуда.