Атырауда әлеуметтік желінің тікелей эфирінде бойжеткенге күш қолданған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда әлеуметтік желінің тікелей эфирінде  бойжеткенге күш қолданған жігіттің үстінен  қылмыстық іс қозғалды. Ол қасында отырған қыз балаға  дөрекі сөйлеп, қолындағы пышағымен  қоқан-лоқы көрсетеді.

Үсті басы қан-жоса қыз бала жас жігіттің айтқанын орындап отыр. Өзін өте күмәнді ұстаған жігіт болса, қоштасу видеосын жариялап, жараланған қолын көрсетеді. Ол өз әрекетін өзіне қол салған жақын досының қазасынан кейінгі эмоционалды жағдайымен түсіндіреді.  Полицейлер  аталған дерек бойынша «Қинау» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты қазіргі таңда қылмыстың іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. 21 жастағы күдікті қамауға алынды.  Кешенді тергеу амалдары жалғасуда.