Ақтөбеде референдум қарсаңында жастар қала тұрғындарына ақпараттық материалдар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар осылай халықты алдағы саяси науқан туралы хабардар етуде. Белсенді топ өкілдері сауда орындарын да қамтып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шаралар тұрғындардың саяси белсенділігін арттырып, маңызды қоғамдық бастамалар туралы ақпараттандыруға бағытталған.
ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
15-наурыз күні болатын референдумның үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Дәл қазір коалиция жанынан құрылған ақтөбелік жастар үгіт-насихат материалдарын жабыстырып, және де үгіт-насихат материалдарын халыққа таратып жүр.
Түркістанда да референдум бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр. Халық көп шоғырланатын сауда орындарында коалиция мүшелері мен белсенділер ақпараттық флаерлер таратты. Сонымен қатар азаматтарға алдағы референдумның маңызы түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Айта кетейік, өңірде 700ден астам жас үгіт-насихат жұмыстарына атсалысуда. Ал Түркістан қаласының өзінде 6 топқа бөлінген 80 ерікті тұрғын үйлерді аралап, сондай-ақ қоғамдық орындарда бүгінге дейін 5 мыңға жуық ақпарат парақшасын таратқан.
ЕРКЕБҰЛАН МАДИЯРҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТОФ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің белсенділер қазірдің өзінде 300 мыңнан астам үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысты. Бұл дегеніміз қоғамның басым көпшілігі ақпараттанды деген сөз. +халықпен бетпе бет келейік деп үйден үйге аралап жатырмыз.