«KEGOC» компаниясы 7 мың шақырым жаңа электр желілерін салуды жоспарлап отыр

«KEGOC» ұлттық компаниясы басшылығы өңірлік филиал жұмыскерлерімен кездесіп қорытынды кеңес өткізді. Жиында 2025 жылдың нәтижелері талданып, биылғы жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Былтыр елде электр энергиясын тұтыну 3,8 пайызға өсіп, 124,6 миллиард киловатт-сағатқа жетті. Ал өндіру көлемі 4,4 процентке артып, 123,1 миллиард киловатт-сағат болды. Былтырғы таза пайда - 70,8 миллиард теңге. 2024 жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп.

НӘБИ АЙТЖАНОВ, «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

2025 жылы Энергетика министрлігі электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын және 2035 жылға дейін электроэнергетика саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Компания елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында шамамен 7 мың шақырым жаңа электр желісін салуды жоспарлап отыр. Бұл электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді. Жиында бұдан бөлек 2026 жылдың Қазақстан үшін маңызды кезең екеніне тоқталып, ел Конституциясын реформалау бойынша ауқымды жұмыстар басталғаны айтылды.

СӘКЕН ҚАРАБАЛАЕВ, «KEGOC» АҚ «АҚМОЛА ЖЭТ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Әріптестер арасындағы  көңіл-күй жақсы, ұжымымыз дауыс беруге, азаматтық белсенділік көрсетуге ниеттеніп отыр.

Алдағы жылдары компания елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде оңтүстік аймақтың электр желілерін күшейту және батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жұмыстары жалғасуда.