Астанаға көктем келеді

Астанаға көктем келеді. Мамандар қыс ызғары әлі кетпегенімен, алдағы күндері еліміздің барлық аймағында ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін айтты. Наурыздың суығы солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтарға суық ауа массалары келіп, термометр бағанасы айтарлықтай төмендеген болатын. Алайда, синоптиктердің болжамынша, суықтың беті қайтып, 14 наурыздан бастап күн жылына бастайды.