Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 9 жасар Бейбарыс Тілекберген өрт кезінде інілерін құтқарып, батылдық танытты.
Аралтөбе ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт болды, өрт шыққан кезде үйдің ішінде кішкентай балалар болды. Бейбарыс абдырап қалмай, батылдық танытып, екі інісін үйден қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнына келген өртке қарсы қызмет қызметкерлері шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.
Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыс етті. Жас баланың батылдығы мен жедел әрекеті адамдардың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік берді.