Бүгін Астанада ерлі-зайыпты Жанәбіловтердің соты болады

Фото: скриншот

13 наурызда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогер жұп — Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша сот процесі басталады.

Бұл ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.

Соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген.

Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенованың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырған. Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.