Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина ерекше нәтижеге қол жеткізді.
OptaAce сайтынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина ТОП-10-ға кіретін теннисшілерді қатарынан 11 рет жеңген.
2000 жылдан бастап есептегенде, Елена Рыбакина бұл көрсеткіш жөнінен Винус Уильямс, Серена Уильямс, Жюстин Энен және Ига Швентектен кейін әлемдегі бесінші теннисші атанды.
Аталмыш сайттың мәліметіне қарағанда, есесіне Польша өкілі И.Швентек соңғы уақытта спорттық жолында алғаш рет ТОП-ға кіретін бес ойыншыдан қатарынан жеңілген. Соның ішінде екі рет Е.Рыбакинаға есе жіберген.
Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің 9-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен ойнайды. Бұл кездесу сенбі күнгі таңғы сағат 06.00-ге белгіленген. Бұған дейінгі өзара бәсекелерде есеп тең – 3:3.