Қызылордада 3 көлік соқтығысып, 1 адам сол жерде көз жұмды. Оқиға қаладағы Тәуелсіздік даңғылы мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған. «Ваз 2104» және «Lexus LS 460» автокөлігі соқтығысып, екіншісі қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Camry 75» автокөлігіне ұрылған. Салдарынан «Ваз 2104» көлігінің жүргізушісі көз жұмған. Соққының қатты болғаны сонша ол жол жиігіне ұшып түскен. Оның 1979 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны екені белгі болды. Қазір аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
ӘДІЛ АНАРБАЕВ, ОПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында. Моральдық және этикалық қағидаларды сақтау мақсатында ЖКО салдарын көрсететін оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдарды таратпауды сұраймыз.