Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Фото: BAQ.KZ

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қаласында 14, 15 және 16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 наурыз күні аспан бұлтты, түнде аздап қар жауады. Көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...+2 градус.

15 наурыз күні де ауа райы бұлтты, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кей кездері тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз 0...+2 градус.

16 наурыз күні де бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз +2...+4 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 наурыз күні аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз +4....+6 градус.

15 наурыз күні де бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус, күндіз +5...+7 градус.

16 наурыз күні ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Жел батыстан 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +5...+7 градус.