Соңғы 3 тәулікте 1000 адам қар құрсауында қалды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2026

Соңғы үш тәулікте төтеншеліктер қар құрсауында қалған 1000-нан астам адамды эвакуациялады. Оның 57-і бала. Сондай-ақ, 300 автокөлікті қауіпсіз жерге шығарды.Негізінен көпшілігі дауылды ескертуді елемей жолға шыққан. Қазіргі таңда құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

ЖӘНІБЕК КӘРІМБАЕВ, ҚР ТЖМ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ:

Күнделікті біздің ТЖМ күштік құралдарының 3318 жеке құрам және де 994 техника және де 30-ға жуық әуе кемелері әрекет етіліп барынша көмекке келуге дайын. Біздің міндетіміз бастысы адамды аман есен алып қалу өміріне ешқандай қауіп төндірмеу содан кейінгі жағдай да дер кезінде әрекет жасау.