Қызылордада жалпыұлттық коалиция мүшелері кәсіпкерлермен кездесті

Жаңа Конституция еңбек құқықтарының кепілдіктерін күшейтіп, жұмысшыларды қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қызылордада өткен жалпыұлттық коалиция мүшелері, мәжіліс депутаттары мен кәсіпкерлердің кездесуінде айтылды. Іс-шара «Қызылорда-нан» ЖШС-нің өндірістік кешенінде өтті. Оған бизнес қауымдастығының 70-тен астам өкілі қатысты. Онда алдағы республикалық референдумға шығарылатын Конституция жобасының жекелеген нормалары жөнінде ақпарат берілді. Парламент депутаттарының айтуынша, Конституция жобасында еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне қатысты бірқатар нормалар қарастырылған. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Одан соң коалиция мүшелері көлік саласы қызметкерлерімен де жүздесті.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмыс істеу үшін адамның білім деңгейі, көзқарасы, ойы, еркін өзін сезінуі, мемлекеттің қорғалуы, әр кәсіпкердің құқығының қорғалуы маңызды. Сол себептен жаңағы кездесуде адамдардың сұрақтарына жауап беріп жатырмыз. Жан-жақтан тармақ блойынша айтып бердік. Кездесулер өте тиімді.