Қостанайда өнерпаздар мен белсенділер бір арнаға тоғысты

Қостанайлықтар саяси науқан қарсаңында бір арнаға тоғысты. Бұл жолы аймақ жұртшылығы ресми жиында емес, еркін форматтағы ауқымды форум-концертте бас қосты. Қоғам белсенділері мен өнерпаздар алдағы референдумның ел тағдырындағы тарихи маңызын тілге тиек етіп, әрбір дауыстың салмағы басым екенін жеткізді. Форум тек мәдени шара емес, азаматтық ұстанымдарды айқындайтын ашық диалог алаңына айналды.

ГҮЛМИРА КАПЕНОВА, КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа жобадағы өзгерістер өте маңызды. Мәселен, цифрлық құқықтар мен экологиялық құқықтар деген ұғымдардың пайда болуын ерекше атап өтуге болады. Енді бұл нормалар Конституцияға енгізілсе, алдағы уақытта жазылатын заңнамалар үшін мықты негіз болады. Бұл жалпы біздің құқықтық жүйеміздің дамуына жол ашады.