Кинодан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

Енді киноға барып, тамашалап қана қоймай, қайырымдылық жасайсыз. Астанада тұсауы кесілген «Ерекше» көркем фильмінен түскен қаражат, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға жұмсалады. Туынды мұқалмас жігер мен шексіз мейірім туралы сыр шертеді. Сондай-ақ, фильмнің ерекшелігі кәсіби актерлермен бірге параспортшылардың да өнер көрсетуі.

РАСУЛ БАУЫРЖАН, АКТЕР:

Көрермендер міндетті түрде келіп көруге тұрарлық фильм деп ойлаймын. Себебі,мен бұрын соңды Қазақстанда бұндай фильм көрмегенмін.

ЖАСҰЛАН КӨПБЕРГЕН, ӘРТІС:

Мен байдың баласын ойнаймын. Өміріндегі белгілі бір қиындықтар арқылы, өмірдің құндылығын және де, жалпы тағдырдың ойыншық емес екенін түсінеді. Адамдарға бір жылулық беред және де ой салады деп ойлаймын.

Фильмге негіз болған Бочча спорты елімізде 2021 жылдан бастап қарқынды дамыған. Бүгінде елдің 13 өңірінде филиалдары ашылып, 250-ден астам адам тұрақты шұғылданады. Оның ішінде 47 спортшы ұлттық құрама сапында халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүр. Мамандар бұл тек спорт емес, сонымен бірге оңалтуға тиімді әсер ететін ем дейді.

НАЗЫМ ЖАНҒАЗЫ, БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Дамыту туралы айтатын болсақ, бұл спорт түрі өте үлкен реалибитация. Себебі, боччада спортшылардың квалификациясы бар, сонда ең ауыр түрдегі квалификацияда жүрген спортшы ұзақ уақыт бойы осы спорт түрімен айналысып келе жатып, квалификацияға қалай ауысып кеткенін білмейді. Өйткені, бұл жақсы реабилитация.